• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2015

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы  №95

314 рет
көрсетілді

2014 жылғы 17 қараша,  Астана қаласы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 және 40-баптарына сәйкес бұйырамын: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (А.Ә. Сәду) заңнамамен белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауын; 2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр Е. ДОСАЕВ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы №95 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі 1. «Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6987 тіркелген, Заң газетінде 2011 жылғы 10 маусымдағы № 81 (1897) жарияланған). 2. «Мемлекеттік материялдық резервтің материялдық құндылықтарын (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 311 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7137 тіркелген, Заң газетінде 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 132 (1948) жарияланған). 3. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 14 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7410 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде, № 2, 2012 ж., 432-құжат жарияланған). 4. «Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 4 мамырдағы № 189 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8491 тіркелген, Заң газетінде 2013 жылғы 20 маусымдағы № 90 (2291) жарияланған).